№ 80 жалпы білім беретін мектебінің ауқымды өткізген іс-шарасы ақпараты » КГУ «Общеобразовательная школа №80»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№80 жалпы білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 232-79-14
Есепші бөлімі
+7(727) 232-79-14
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » № 80 жалпы білім беретін мектебінің ауқымды өткізген іс-шарасы ақпараты
25
желтоқсан
2023

№ 80 жалпы білім беретін мектебінің ауқымды өткізген іс-шарасы ақпараты

2023 жылы қараша айының 6 күні, тура бір жылға созылған күрделі жөндеуден өткен мектебіміз есігін айқара ашты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев таяудағы халыққа жолдаған жолдауында елімізде демографиялық өсім артқанын атап өтті. Білімге деген талап - әр баланың құқығы. Мемлекетіміздің болашақ дамуы жас ұрпаққа байланысты деген. 
Мектебіміздің ашылу салтанатына Жетісу ауданының АГЛПС "Ұстаз" филиалының төрайымы Н.А. Әлімбаева, бұрынғы Мәслихат депутаты, жер жүзін айналып шыққан байкер Д.И.Петрухин, оқушылар мен ата-аналар қатысты.
Ашылу салтанатында мектебіміздің үздік оқушылары, спортсмендері - қалалық, Европа -Азия халықаралық жарыстардың чемпиондары, әлем үздіктері өздерінің кубок-марапаттарымен, жеңімпаз белдіктерімен, мақтау грамоталарымен, дипломдарымен сап түзеп, жүріп өтті. Сол сияқты Дзюдо секциясының мүшелері, біздің окушылар, демонстрациялық  жекпе-жек ойындарын паш етіп, оқушыларымыз ұлттың нақыштағы би- күйлерімен тәнті етті.
Мерекеге арнайы шақырылған "Бахар" ансамблінің бишілері ұлттық билерін орындады.
Мерекелік шара соңында Д.И. Петрухин мен 1 сынып оқушысы Р.Говорков жаңа мектеп табалдырығын аттауға Алғашқы қоңырау соқты .